Белгілі ғалым, ұлағатты ұстаз Жиенбай Бақи дүние салды. Жиенбай Базарбайұлы 1958 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тарих мамандығы бойынша білім алып, Атырау университетінде алғашқы еңбек жолын бастады.Оқытушыдан профессор дәрежесіне дейін көтерліген ғалымның өмір жолы да, еңбек жолы да көпке үлгі, ұрпаққа өнеге болды. Жиенбай Бақи Атырау университетінің құрметті профессоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Оның шығармашылығының негізін Қазақстан тарихындағы тұлғалар өмірі мен қызметі құрайды.Соның ішінде Ғани Мұратбаев және Алаш қайраткерлері туралы келелі зерттеулері бар. Соңғы жылдары жазылған «Қазақтың бахадүр батырлары» атты ғылыми танымдық еңбегінде өлкедегі Ұлы Отан соғысының батырлары туралы баяндайды. Атырау телеарнасының ұжымы белгілі тарихшы, профессор ұстаздың отбасы, ағайын-туыс бауырларына қайғырып көңіл айтады.