Енді шетелдік көліктерді заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ғана жалғасатын болады. Бекітілген талап бойынша көліктер Қазақстан аумағына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкеліну керек. Сондай-ақ криминалдық есепте болмауы, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Сонымен қатар көлік иелері электронды е-gov. kz порталы арқылы екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы өтініш береді.