23 қаңтар, яғни бүгіннен бастап шетелдік көліктерді заңдастыру басталды. Ақ нөмір алуға ағылған нөпір халықтың қарасы қалың. Өтініш беруге келгендер көп. Өкінішке орай, әзірге мемлекеттік нөмір алған ешкім жоқ. Басқа мемлекетте тіркелген жері бойынша есептен шығару көбіне кедергі болып отыр. Кейбірінің тіпті құжаттары дұрыс емес. Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет. Алайда, жүргізушілер төленетін салықтың тым қымбатқа түсетінін айтады. Ал ресей, армениялық көліктердің өзін заңдастыру мұңға айналған. Өйткені, көлікті тіркелген жеріне барып есептен шығарып алып келу қалтаға соғады дейді тұрғындар. /ШУМ 5С/ Айта кетейік, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Талап бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкеліну керек; Криминалдық есепте болмауы тиіс; Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Сондай-ақ азаматтар е-gov.kz электронды үкімет порталы арқылы; - Екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы өтініш бере алады. Заңдастыру үшін: Өтінім; Өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат; өлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік; Көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат қажет.