Атырау облысының «Құрметті азаматы», майдангер, мәдениет майталманы Орынғали Қарасаевқа арналған «Тектілік тұғырынан таймаған» атты естеліктер кітабының тұсаукесер салтанаты өтті. Құрметті азаматының замандастары, үзеңгі достары , кейінгі інілерінің естелік әңгімелерінен құралған жинақ Атырау облысы әкімдігінің және Ардагерлер кеңесі қолдауымен жарық көрді. Жинақта Орынғали Қарасаевтың өнегелі өмір жолы қамтылған және ақжарма тілектер жазылған. Жиынға ел ағалары мен облыс, қала әкімдері, қайраткердің ұрпақтары қатысты. Құнды кітапты көрерменге көзайым қылып, тұсаукесер рәсімін жасау ел азаматарына , облыс әкіміне және ағамыздың жан-жары Дәметия Қарасаеваға бұйырды. Жиында саналы ғұмырын ағамыздың бақытына арнап, еңбегінің жануына бірден -бір себепкер бола білген анамыз, ағамыздың жан-жары Дәметия Қарасаеваға Облыстық Ардагерлер кеңесінің бекіткен «Ардақты ана» алтын белгісі табысталды.