Жылыой ауданында жұмыссыздық мәселесін шешу үшін бірқатар іс-шаралар атқарылып жатыр.Мәселен өткен жылы аудандағы жұмыссыз азаматтардың бизнес идеяларын қолдау мақсатында 80 жылойлық қайтарымсыз грантқа ие болды.Сонымен қатар ауданда жұмыссыздардың санын азайту мақсатында өңірдегі мұнай компанияларына жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтуға ұсыныстар жолданды.