Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталинның төрағалығымен өткен Атқару комитетінің кезекті отырысында облысы Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы қызметіне қоғам белсендісі Әлібек Семғалиев бірауыздан сайланды. Әлібек Аманжанұлы 1998 жылы «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша бітірген.. Еңбек жолын 4 разрядты бұрғышының көмекшісі болып бастаған Әлібек Аманжанұлы кәсіпорнында оператор, мұнай өндіру шебері, кен орны басшысы, бас механик болып жұмыс істеген.
Әлібек Семғалиев Атырау қалалық мәслихатының VI шақырылым депутаты болды. Қазір облыстық мәслихаттың депутаты. Ол Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен, «Меценат» төсбелгісімен марапатталған.
Атырау облысының жекпе-жек, кикбоксинг федерацияларының президенті. Сондай-ақ, әр жылдары таңдаулы меценат ретінде «Жыл маманы», «Жыл тұлғасы», «Жыл адамы» аталымдарының жеңімпазы болды. Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің мүшелері мен барша әріптестері жұмысшы-қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау, әлеуметтік мәселелерге байланысты туындайтын дау-дамайларды болдырмау және алдын алу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Әлібек Аманжанұлына үлкен сенім артып, оның жаңа қызметіне табыс пен сәттіліктер тіледі.