Шаруалардың мерейі тасыған күн. Ауыл шаруашылық қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Мерекеге орай Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында салтанатты іс - шара өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев қатысып, шаруаларды мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ үлгілі шаруаларды құрмет грамтоларымен марапаттап, облыс әкімінің алғыс хатын табыстады.