Театр сүйер қауым үшін қуанышты жаңалық. Облыста IV республикалық Рақымжан Отарбаевтың драматургиясынан фестиваль басталды. Шараның мақсаты жазушы шығармаларын насихаттау. Аталған фестивальда еліміздің 6 аймағынан келген театр ұжымы бақ сынайды. Биылғы фестивальдің бір ерекшелігі шара барысында актерлық қабілетті шыңдауға арналған шеберлік сағаттары өткізілмек. Одан бөлек қазақтың Қыз Жібегі Меруерт Өтекешовамен кездесу ұйымдастырылады. Өнер додасы өзгеде облыстар арасындағы шығармашылық байланысты арттырып, тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік береді. Белгілі театр сыншыларымен, сахна саңлақтары, қайраткерлер, әртістердің қойылымдарына баға беріп, үздіктерді анықтайды. Мәдени шара қарашаның 27-сіне дейін жалғасады.