Облыста салыққа берешегі бар жеке тұлғалардың саны артқан. Нақты дәлел келтірер болсақ, 32 мың 598 адам мемлекетке төленетін төлемнен жалтарған. Жалпы есептік көрсеткіш бойынша үкіметке облыс тұрғындарының алдындағы қарызы 414 млн теңгені құрап отыр. Көлік салығы бойынша 282 млн теңге, ал мүлік және жер салығы бойынша 130 млн тенгеге жуықтайды. Дегенмен қазіргі таңда оңтайландыруға байланысты жер салығы мен мүлік салығы біріктірілді. Қазынаға түсетін салыққа, жеке тұлғалар берешегі бойынша Атырау қаласы көш бастап тұр. Өзге де ауылдық округтерде қалыс қалмаған. Атап айтқанда Дамбы, Еркінқала, Ақсай Кеңөзек, Алмалы ауылдық округтеріндегі берешек 7 млн тенгені құрап отыр. Ал ең үлкен қарыз сомасы Қайыршақты ауылдық округінде тіркелген. 11 млн тенге . Жылыой мен Құрманғазы аудандары да алғашқы үштікте. Себебі қарыз сомасы 30 милионға жуықтаған. Орган өкілдері және сот орындаушылар қарызды өндіру бойынша рейд жұмыстарын жыл аяғына дейін жалғастырмақ.