Атырауда қараусыз жүрген төрт-түлікке қатысты жол-көлік оқиғасы көбейді. Мәселен, жыл басынан бері 76 көлік апаты тіркеліп, 6 адам түрлі дене жарақатын алған. Бүгінде тәртіп сақшылары трассадағы өлім-жітімді азайту мен алдын-алу шараларын күшейтуде. Дегенмен келеңсіз жайттардың азаяр түрі жоқ. Әріптесім Нұрлыбек Бағыт тарқатады.