Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы мәлімдеді. Нұрболат Сармановтың сөзінше салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 1 қаңтардан бастап жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік бойынша салықтар жеке тұлғалардың бірыңғай салығына біріктірілді. Осыған байланысты, салықтың есептелген сомасы жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі бойынша міндеттемелерді қамтиды және бірыңғай сомамен төленбек.