Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев Финляндия елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист бастаған  топ өкілдерімен кездесті. Қос тарап қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, смарт қала құрылысы, инвестиция тарту мәселелерін талқылады. Өз кезегінде Қайрат Нұртаев тиімді әрі жемісті жобалар мен ұсыныстарды қолдауға дайын екенін жеткізді.  Айта кетейік, 2022 жылдың қаңтар-шілде айындағы көрсеткішпен Атырау облысы мен Финляндияның сыртқы сауда байланысы 9,3 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт - 8,7 млн АҚШ долларына тең.