Тұрмыстық -зорлық зомбылық көрсету көбейген. Одан әсіресе, әйелдер зардап шегіп отыр. Отбасында бірнеше жылдар бойы жәбірленіп, күйеуі тарапынан қысым көретін нәзік жандылар туралы  жиі еститін болдық. Әлеуметтік желілердегі жарыссөздің басты тақырыбы да осы. Сонымен, отбасындағы келеңсіздікке кім кінәлі, еркектердің әлсіздігі ме, "шапалақты тілеп алатын" әйелдердің өздері ме? Осы сауалдарға жауап іздеп көрген тілшіміз Айнагүл Қалыбаева әңгімелейді.