Президент өкімімен Әлихан Смайлов Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі болып тағайындалды. Әлихан Асханұлы  1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды. 1993-1999 жылдары аралығында - инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары; ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған. Кейін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы, ҚР Президентінің көмекшісі, Қаржы министрі лауазымдарында болды. 2021 жылы 18 қаңтаран бүгінге дейін  ҚР Президентінің Жарлығымен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болған еді.