Негізгі Жаңалықтар Нигериямен құда болдық

Нигериямен құда болдық

Әлеуметтік желіде Нигериялық жігітке тұрмысқа шыққан қазақстандық қалыңдық қызу талқыға түсті. Ұзату тойы кезіндегі суреттер әлеуметтік желіде лезде  тарап кетті. Ұзатылған қыздың есімі - Заида. Ол Жылыой ауданы, Құлсары қаласының тумасы. Өңірдегі белгілі мұнай компаниясында үш тілді аудармашы болып жұмыс істейтіін жерлесіміз Нигерия азаматымен 7-8 рет кездескен, артынша биыл қаңтар айында күйеу жігіт ұсыныс жасаған. Заиданың ата-анасы олардың басқосуын бастапқыда ауыр қабылдап, кейін, ақ батасын береді. Ұзату тойы үйде шағын ортада, бастысы, қазақтың салт-дәстүрімен өткен.

 

Бөлісу