Атырауда жүк көліктеріне қатысты 35 заңбұзушылық анықталды.Полицейлер өрескел құқыбұзушылықтарды "Жүк көлігі" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында анықтаған. Рейд барысында ауыр салмақты автокөлiк құралдарының параметрлердің бірін асырғаны, және арнайы құжат қағазы болмағаны белгілі болды..Ал, тағы бірі қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдықтардың көлемін шамадан тыс арттырған. Заңға пысқырмаған екі жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, жауапқа тартылды.