ОБЛЫС ӘКІМІ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫН КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРДІ
Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатысып, №90 учаскеде дауыс берді.
Облыс басшысы мәслихат депутаттары өңірді дамытудағы басымдықтарды айқындауда маңызды рөл атқаратынын атап айтты. Олардың белсенді ұстанымы мен аумақтағы мәселелерден хабардар болуы, халықпен ұдайы диалог орнатуы сол жердегі түйткілді сұрақтарды дер кезінде анықтап, олардың шешімін табуға көмектеседі.