ЕРІКТІЛЕР АУЫЛ САЯБАҒЫН ТАЗАЛАДЫ
Құрманғазы ауданында жастардың қатысуымен экологиялық акция ұйымдастырылды. Іс-шара «Талаптан Құрманғазы» жобасы аясында өтті. Бастамаға жоба аясында құрылған «Мейірімді жүрек» волонтерлік тобының 16 мүшесі қатысты. Олар Құрманғазы ауылындағы Хайролла саябағының аумағын тазалады.