Негізгі Жаңалықтар ЖАС ОҚЫРМАНДАР ӘДЕБИ КЕШТЕ БАС ҚОСТЫ

ЖАС ОҚЫРМАНДАР ӘДЕБИ КЕШТЕ БАС ҚОСТЫ

Атырау облыстық балалар кітапханасында 17 мыңнан астам оқырман тіркелген. Кітап қоры 130 мыңнан астам басылымды қамтиды. Мұнда балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылады. Соның бірі - «Оқитын ұлт» жобасы аясында өткен «Кітаппен жарқын әлемге» атты әдеби кеш.


Бөлісу