«ТАТУЛЫҚ»: ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Атырауда ұрпақтар сабақтастығына арналған фестиваль өтіп жатыр. Оған «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің өкілдері де қатысуда. Биыл бірлестіктің құрылғанына 31 жыл толды. Осы уақыт ішінде ұйым мүшелері ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті сақтап, ана тілін кейінгі ұрпаққа үйретіп келеді.