БИЫЛ «ДОВИРА» ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 25 ЖЫЛ!
Биыл «Довира» украин этномәдени бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толады. Ширек ғасырдан бері ұйым украин халқының тілі мен мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеп, өңірдегі этносаралық келісімді нығайтуға үлес қосып келеді. Сонымен қатар бірлестік мүшелері қайырымдылық және қоғамдық жобаларға белсенді қатысып жүр.