№2 ҚАЛАЛЫҚ СОТ ҒИМАРАТЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ
Атырауда күрделі жөндеуден өткен №2 қалалық сот ғимараты қайта пайдалануға берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев, облыс әкімі Болат Ақшолақов, сот жүйесінің өкілдері мен сала ардагерлері қатысты. Жиында сот төрелігінің сапасын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдық сенімді нығайту мәселелері сөз болды.