БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА ТЕЛЕМЕДИЦИНА КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
Атырау облыстық балалар ауруханасында телемедицина кабинеті ашылды. Енді жергілікті дәрігерлер өзге өңірлер мен шетелдегі бейінді мамандармен байланыс орнатып, күрделі жағдайдағы науқастарды қашықтан талқылай алады. Бұл емдеу тактикасын анықтауға және балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа кабинеттің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев пен Оңтүстік Кореядан келген делегация қатысты.