«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ АУЛАСЫНА 50 КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Атыраудағы облыстық «Шаңырақ» балалар үйінің аумағына 50 жеміс ағашының көшеті отырғызылды. Игі шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. «Бұл - менің ағашым» бастамасына «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 20-дан астам оқушысы қатысты. Жастар табиғатты қорғауға өз үлестерін қосып, балалар үйінің ауласын көгалдандыруға атсалысты.