«ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ: ТАРИХИ ТҰЛҒА ЖӘНЕ РУХАНИ МҰРА»
«Жиембет жырау: тарихи тұлға және рухани мұра». Осындай атаумен Атырауда республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға еліміздің әр өңірінен тарихшылар, ғалымдар, филологтар мен ұстаздар қатысты. Басқосуда Жиембет жыраудың өмірі мен қоғамдық қызметі, Қазақ хандығы тарихындағы орны және әдеби мұрасы талқыланды.