Жұмыс тапсырмаларын бақылау, құжат айналымын реттеу және орындау мерзімін қадағалау. Осы бағыттағы үдерістерді жеңілдету үшін атыраулық мамандар отандық цифрлық платформа әзірледі. UNIDESK деп аталатын жүйе тапсырмаларды басқару, құжаттармен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылау мүмкіндіктерін бір ортаға біріктіреді. Платформаның ерекшелігі неде? Ол жұмыс процесін қалай жеңілдетеді? Тілші тарқатады.