Облыста коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алдағы жылдары электр, жылу және су жүйелерін жаңарту жоспарланып отыр. Осы бағытта табиғи монополия субъектілері бірқатар жобаны ұсынып, желілердің тұрақтылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды қолға алмақ. Солардың бірі - «Атырау Жарық» мекемесі. Кәсіпорын 2026-2030 жылдар аралығында электр желілерін жаңғыртуға 110,7 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр.