Заң мамандары жаңа Конституциядағы өзгерістер мен оған сәйкес қабылданған заңнамаларды тәжірибеде қолдану мәселелерін талқылады. Семинар барысында «Нотариат туралы» және «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңдарға енгізілген өзгерістер, сондай-ақ Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудағы рөлі түсіндірілді. Жиынға жеке сот орындаушылары, нотариустар мен заңгерлер қатысты.