Енді тұрғындар ет өнімін сатып аларда оның сапасы мен қауіпсіздігі туралы ақпаратты арнайы цифрлық жүйе арқылы тексере алады. Атырауда ет өнімдерін бақылауға арналған жаңа бағдарлама енгізіліп жатыр. Цифрлық жүйе арқылы тұтынушы өнімнің қайдан жеткізілгенін, қандай малдан алынғанын және ветеринариялық тексерістен өткен-өтпегенін біле алады. Ал бұл жүйе ет қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеді? Толығырақ сюжеттен көрейік.