Ал Махамбет ауданында ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Қазір қалған жұмыстар жалғасуда. Жалпы ұзындығы 96 шақырым болатын жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 10 ауылішілік жол және екі елді мекенге кірме жол бар. Атқарылып жатқан жұмыстармен танысу үшін Махамбет ауданына барып, жағдайды бағамдап қайттық.