Тамыз айының алғашқы жексенбісі - теміржолшылардың төл мерекесі. Айтулы күн қарсаңында сала ардагерлері мен теміржол қызметкерлерінің басын қосқан салтанатты шара өтті. Дәстүрге сай биыл да өз ісіне адалдық танытып, қажырлы еңбегімен ерекшеленген 30-ға жуық теміржолшы марапат төрінен көрінді.