Еркінқала ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» республикалық шарасы өтті. Жайық өзенінің жағалауын тазарту жұмыстарына 150-ден астам тұрғын, еріктілер, мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары және су саласының ардагерлері қатысты.