Бүгінде QR-код арқылы төлем жасау, қызмет алу немесе қажетті ақпаратқа қол жеткізу қалыпты құбылысқа айналды. Бар болғаны телефон камерасын кодқа бағыттасаңыз жеткілікті. Жылдам әрі ыңғайлы бұл технологияның қолданыс аясы күн санап кеңейіп келеді. Алайда қарапайым көрінетін QR-кодтың артында киберқауіп те жасырынуы мүмкін. Жалған кодты қалай ажыратуға болады? Алаяқтардың арбауына түспеу үшін нені ескеру қажет? Лаура Кисметова баяндайды.