Бүгінде дәрі-дәрмек бағасының өсуі тұрғындарды алаңдататын мәселелердің бірі. Дегенмен, қазір елімізде рецептпен берілетін 3 мыңнан астам дәрінің құны мемлекет бақылауында. Дәріханалар оларды белгіленген шекті бағадан жоғары сата алмайды. Ал тұрғындар дәрі бағасын DariKZ қосымшасы арқылы тексеріп, күмән туындаған жағдайда шағым жолдай алады. Алайда бұл мүмкіндікті тұрғындар қаншалықты пайдаланып жүр? Дәріханалар талаптарды сақтап отыр ма? Сюжеттен көрейік.