• Өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 68 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Олар облыстағы 8 жедел басқару орталығына қосылған. Жыл басынан бері осы камералардың көмегімен 17 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде жол қозғалысы ережесін бұзу, ұсақ бұзақылық және қоғамдық орындарды ластау деректері жиі тіркеліп отыр. Жасанды интеллект полиция жұмысына қалай көмектесіп жатыр? Сюжеттен көрейік.