Мұқыр ауылдық округіне қарасты Сағыз орта мектебінде экологиялық бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. Мұнда тұрмыстық қалдықтарға қайта жан бітіріп, түрлі қолөнер бұйымдарын жасау дәстүрге айналған. Қарапайым қағаз, картон және өзге де пайдаланылған материалдардан жасалған дүниелер бүгінде мектептің көркін келтіріп тұр. Бұл бастама оқушылардың шығармашылығын дамытып қана қоймай, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.