Көлігін жалға беріп, кейін оны қайтара алмай жүрген азаматтардың саны артып келеді. Кей жағдайда уақытша пайдалануға алған адамдар көлікті иесіне қайтармай, GPS құрылғыларын өшіріп, ізін жасыруға тырысады. Мұндай жағдайлар көлік иелеріне үлкен шығын әкелуі мүмкін. Мамандар темір тұлпарды жалға бермес бұрын барлық құжатты заң талаптарына сай рәсімдеуге шақырады. Толығырақ Асылан Мәлік баяндайды.