Атырауда түрлі этнос өкілдерінің басын қосқан «Туыстық – татулықтың бастауы» атты отбасылық байқау өтті. «Елтану» жобасы аясында ұйымдастырылған шараға «Дюймовочка» балабақшасының тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірге қатысты. Ұлттық мәдениет пен отбасылық құндылықтарды дәріптеуді мақсат еткен іс-шара жөнінде толығырақ бейнематериалда.