Атырауда бірнеше кофехананы бір платформаға біріктіретін жаңа мобильді қосымша іске қосылды. SubDay деп аталатын сервис арқылы пайдаланушылар бір ғана жазылыммен серіктес дәмханалардан кофе мен басқа да сусындарды ала алады. Сонымен қатар, қосымшада қолданушылардың пікір алмасуына арналған әлеуметтік желі, ең жақын кофехананы көрсететін геолокация қызметі және серіктестерге арналған жасанды интеллект негізіндегі цифрлық құралдар қарастырылған. Жаңа сервистің қалай жұмыс істейтінін тілшіміз айтып береді.