Өңірде Бейбітшілік және келісім сарайы, сондай-ақ қалалық және облыстық архивтер орналасатын көпфункционалды кешен тамыз айының соңында пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда нысанның дайындық деңгейі 80 пайызға жеткен. Бүгінде ғимарат ішінде ішкі әрлеу, инженерлік желілерді орнату және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.