Өңірде әуесқой балықшылардың кезекті турнирі өтті. "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы Правый Яицкий (Рыбоходный) каналында ұйымдастырылған жарысқа 30-дан астам адам қатысты. Турнирдің мақсаты - балық аулау мәдениетін дәріптеп, табиғатты ұқыпты пайдалануға үндеу және экологиялық туризмді дамыту.