Қалада толассыз жауған жаңбыр салдарынан бірнеше көше мен тұрғын үй аулаларын су басқан болатын. Солардың бірі - Ермек Серкебаев көшесі. Жаңбыр суы жиналған көше тұрғындары шағымдарын жеткізді. Оннан астам тұрғын үй иесі көшені су басу мәселесін жедел шешуді талап етті.