Жағасы ырысқа толы Жайық өзені мен Каспий теңізі алабындағы су деңгейінің төмендеуі бүгінде ел Үкіметін де, экологтар мен жергілікті тұрғындарды да алаңдатып отыр. Әсіресе Каспий теңізінің Атырау беткейі мен Маңғыстау түбегіндегі жағдай күрделі. Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары теңіз суы жағалаудан 30-35 шақырымға дейін шегінген. Бұл туралы аймаққа іссапармен келген ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті.