Мемлекеттік қызметшілер арасында «Заң. Логика. Бәсеке» атты интеллектуалды квиз ұйымдастырылды. Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өткен шараға өңірдегі түрлі мемлекеттік мекемелерден 120-дан астам қызметкер қатысты.