4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Еліміздің айбыны мен бірегей болмысын айқындайтын Ту, Елтаңба және Әнұран - мемлекетіміздің басты нышандары. Соңғы жылдары бұл мерекеге ерекше мән беріп, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсететін азаматтар мен кәсіпкерлердің қатары артып келеді.