Өңірде шомылу маусымы қашан ашылады? Бұл жаз мезгілінің басталуымен атыраулықтарды толғандыратын басты сұрақтардың бірі. Алайда биыл да ресми жағажайларда демалу маусымы кейінге шегерілген. Бұған жағажайлардың дайындық деңгейі, қауіпсіздік талаптарының орындалуы және ауа райының құбылмалы болуы әсер етіп отыр.