Өңірдегі мол шикізат қоры жаңа өндіріс орындарын ашуға негіз болуы мүмкін. Қытайда Атырау облысы делегациясының қатысуымен өткен кездесуде бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктері талқыланды. Атап айтқанда, аккумулятор өндірісін жолға қою және мұнай-газ саласына арналған жабдық шығару бағыттарына басымдық берілді. Келіссөздер Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің Қытайға жасаған жұмыс сапары аясында өтті.