"Мәңгілік алау - ерлік рухы". Ұлы Отан соғысы батырларын еске алуға арналған шараға екі мыңға жуық адам жиналды. Жеңіс саябағындағы Мәңгілік алауға мемлекеттік органдар өкілдері, әскери қызметкерлер мен қала тұрғындары гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етті.