Өңір мешіттерінде «Рухани байланыс» атты кездесу жобасы бір мезетте қатар ұйымдастырылды. Игі бастама қоғамдағы рухани тұтастықты нығайтуға, жастардың діни сауатын арттыруға және дін мен дәстүр сабақтастығын кеңінен насихаттауға бағытталған. Жоба аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан 17 білікті маман тартылды.