Облыста жатыр мойны обырына шалдыққан науқастар саны жоспарлы скринингтің арқасында ерте анықталып отыр. Ресми дерекке сүйенсек, өткен жылы есепте 600-ден астам адам болса, биылғы алғашқы төрт айда бұл көрсеткіш 1285-ке жеткен. Дәрігерлер бұл дерттің негізгі себебі - адам папиллома вирусы екенін айтады. Бұл инфекция көбіне бастапқы кезеңде ешқандай белгі бермейді. Сондықтан уақытылы тексеріліп тұру маңызды. Ал жатыр мойны обырының алдын алудың ең тиімді жолы - вакцинация.